Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-саттығы артты
(last modified Sun, 01 May 2022 09:27:31 GMT )
Maм 01, 2022 15:27 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-саттығы артты

Қазақстан Премьер-министрі Қырғызстанға ресми сапары аясында екі ел арасында сауда, экономика, су және энергетика, ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы әріптестік мәселелерін талқылады.

Қырғызстан Премьер-министрі Ақылбек Жапаров пен Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смаилов Бішкекте үкіметаралық кеңестің оныншы отырысына қатысты.

Жапаров екі елдің сауда-экономикалық қатынасындағы оң үдеріске тоқталып: «2021 жылдың есебі бойынша екіжақты сауда айналымының көлемі 35 пайызға артып, 1 млрд долларға жетті. Біздің мақсатымыз – екіжақты сауданы жақын болашақта 2 млрд долларға жеткізу»,-деді.

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смаилов: «Осы отырыста қабылданған шешімдер екі ел арасында жан-жақты әріптестікті тереңдетіп, одан ары дамытуға айтарлықтай көмектеседі»,-деді.

Қазақстан Премьер-министрі, сондай-ақ, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесіп, екі елдің қарым-қатынасын дамытудың маңыздылығына тоқталып: «Қазақстан Президентінің Қырғызстанға келешектегі сапары екі елдің жан-жақты әріптестігіне жаңа серпіліс береді»,-деді.   

Тегтер