Қазақстан мен Қырғызстан əскери келісім жасады
Қазақстан Президенті Қырғызстанға əскери құрал-жабдықтар беру жəне екіжақты əскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға келісім жасалғанын растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні кешке Қырғызстанмен əскери-техникалық əріптестік жасау жəне осы елге əскери құрал-жабдықтар жеткізу мақсатында бір заңға қол қойды.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісім бойынша, Қырғызстан бұл əскери құрал-жабдықтарды тек өзін қорғау үшін қолдана алады, оларды басқа елдерге бере алмайды жəне ТМД елдеріне қарсы қолдана алмайды.
Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мамыр айының басында 2021 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан мен Қырғызстан арасында келісім жасалғаны туралы хабарлады. Осы қазақ қызметкерінің айтуынша, бұл келісім қырғыз тарапының өтінішімен жасалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше осы ел мен Қытай арасында жасалған келісімге сəйкес радиоактив жəне ядролық заттарды заңсыз тасымалдауға тыйым салу мақсатында тағы бір заңға қол қойды.
Бұл келісім мамыр айының аяғында Қазақстан Парламентінде бекітілді.