Шіл 28, 2022 18:08 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Грузия сауда қатынасын дамытуға келісті

Қазақстан мен Грузия басшылары сауда, экономика, инвестиция және гуманитарлық әріптестікке қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Грузияның сауда айналымында рекорд жаңартылып, 31,7 млн доллардан 147,7 млн долларға жетті. Бұл өткен жылғы көлемнен 4,7 есе артық.  

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанға сапар шеккен Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі елдің тасымал және логистика саласындағы әріптестігі жайлы сұхбаттасты.

Тоқаев осы кездесуде Қазақстан нарығын Орта Азияға бастар қақпа және көршілес Қытайға тікелей шығар жол деп санауға шақырды.

Тараптар: «Қазақстан мен Грузия «Транс Каспий» халықаралық тасымал жолында серіктес саналады. Бұл жоба аймақ елдері арасында қарым-қатынасты кеңейтуде маңызды рөл атқарады»,-деп мәлімдеді.

Тегтер