Қыр 15, 2022 18:04 Asia/Almaty
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі діни диалогтағы Иранның стратегиялық  рөлін мадақтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Иранның Мәдениет пен исламдық байланыстар ұйымының басшысы Иманипурмен кездесуінде әлемдік діндер диалогындағы Иранның стратегиялық рөлін мадақтады.

Жоғары мәртебелі делегацияны бастап Қазақстанға барған Иранның Мәдениет пен исламдық байланыстар ұйымының басшысы Мұхаммед Мехди Иманипур  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуінде Қазақстан Президентінің Ислам революциясы жетекшісімен жүздескеніне тоқталып, екінші ұстаздың еңбектерін анықтап, таныстырып, қазақ тіліне аудару үшін әл-Фараби атындағы ортақ хатшылық құру керегін айтып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын осы шараға белсене қатысуға шақырды.

Наурызбай қажы Тағанұлы осы кездесуде ирандық делегацияның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысқанына алғыс айтып, ирандық делегацияның осы жаһандық съездегі конструктивті рөлін мадақтады.

Ол ИИР-ның осы саладағы 30 жылдық тәжірибесіне тоқталып: "Қазақстан халқы әрдайым дос әрі көрші Иранды айрықша кұрметтейді",-деді.

Тегтер