Қыр 17, 2022 20:54 Asia/Almaty
  • Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы: Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасы өзгеріс үстінде

Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Иран мен Қазақстан қарым-қатынасының өзгеріп жатқанын айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу үшін Иранның жоғары мәртебелі делегациясын бастап Қазақстанға барған Мұхаммад Мехди Иманипур осы елдің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесіп, сұхбаттасты.

Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйым басшысы осы кездесуде: "Иранда Қазақстан университеттерінің бөлімшесін ашуға дайынбыз",-деді.

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Иранның беделді университеттерімен ғылыми-университеттік ынтымақтастықты дамытуды қалайтынын айтып, Қазақстан университеттерінде парсы тілін үйрету орталықтарын ашуға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер