Қазақстан мен Өзбекстан арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды
(last modified 2022-12-25T13:50:37+00:00 )
Жел 25, 2022 19:50 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды

Қазақстан мен Өзбекстан елдері өзара энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге қол қойды.

 

Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда серіктесі болып табылады және биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар алмасу өткен жылмен салыстырғанда 3,26 пайызға артты. Өзбекстанның Энергетика министрлігі Қазақстанмен 2023 жылға дейін Өзбекстанға 300 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге 150 миллион долларлық келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Сондай-ақ тараптар мұнай жеткізу көлемін үш миллион тоннаға дейін арттыру бойынша жұмыс істеуге келісті. Өзбекстан мен Қырғызстан билігі табиғи газды өзара транзиттеу, жұмыс істеп тұрған жерасты газ қоймаларын жаңғырту және жаңа нысандарды салу, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесін дамыту туралы келісімге келді.

 

Тегтер