Қазақстан мен Өзбекстан басшылары стратегиялық қатынасты дамыту керегін баса айтты
(last modified 2023-04-24T10:58:00+00:00 )
Сәу 24, 2023 16:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан басшылары стратегиялық қатынасты дамыту керегін баса айтты

Өзбекстан Президенті мен Қазақстанның тұңғыш Президенті телефон арқылы сұхбаттасып, достық қатынас пен стратегиялық әріптестік деңгейін жоғарылату керегін айтты.

Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. 2022 жылы екі елдің сауда айналымы 5 млрд доллар болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 29,8 пайызға артық. 2021 жылы өзара сауда айналымы 3,8 млрд доллар болған.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы телефон арқылы сұхбатта қазір өзара достық қатынас, тату көршілестік пен стратегиялық әріптестікті жоғарылату керегін баса айтты.   

Қазіргі таңда Өзбекстанда Қазақстанның инвестициясымен 260 компания, соның ішінде  192 ортақ компания және 37 жеке компания құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда, тамақ өнеркәсібі, металлургия мен көлік жасау салаларында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 3 қазақстандық компанияның өкілдігі Өзбекстанның Инвестиция және сауда-экономикалық қатынастар министрлігі тарапынан тіркелген.

Тегтер