Maм 15, 2023 22:26 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы сауда айналымының көлемі 3 айда 6,6 млрд доллар болды

Қазақстан Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен түрлі салалардағы сауда айналымының көлемі 11,6 пайызға артты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен биылғы қаңтардан наурызға дейінгі сауда айналымы 6,6 млрд доллар болды.

Бұл көлем өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 11,6 пайызға артық. Тауар экспорты шамамен 2,6 млрд долларға, яғни 41,5 пайызға артты. Ал тауар импорты шамамен 6 млрд долларға, яғни 1,8 пайызға азайды.

Қазақстанның сыртқы саудасында Ресейдің 92 пайыз, Қырғызстанның 4,7 пайыз, Беларусьтің 3,2 пайыз, Арменияның 0,1 пайыз үлесі бар. Еуразия экономикалық одағына мүше елдеріне ең көп экспортталатын тауарлар – ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар, көліктер, құрал-саймандар мен құрылғылар. Басқа сөзбен айтқанда, 29,4 пайыз химия өнеркәсібі мен қосалқы сала өнімдері, 25,2 пайыз жануар және өсімдік майлары, 20,8 пайыз дайын тамақ өнімдері, 18,5 пайыз металл өнімдері және 13 пайыз тау-кен өнімдерінен тұрады.

Тегтер