Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыруға баса назар аударды
(last modified 2023-05-20T10:52:57+00:00 )
Maм 20, 2023 16:52 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыруға баса назар аударды

Қазақстан Президенті: Аймақ елдерінің қауіпсіздігіне төнген қатерлердің бірі – Ауғанстандағы қазіргі жағдай»,- деді.

«Сиань» қаласында өткен «Орталық Азия және Қытай» саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан мәселесіне тоқталып, осы елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алуға бағытталған халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үздіксіз қолдайтынын қуаттады. Ол шамамен бір ай бұрын Астанадан гуманитарлық көмек түрінде Ауғанстанға азық-түлік өнімдерінің пакеттері жөнелтілгенін мәлімдеді.          

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның бақылауымен Ауғанстан халқына көпжақты көмек көрсетуді арттыру қажеттігін мәлімдеп: «Осы тұрғыда Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты даму мақсатында Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру қажет»,- деді.

Тегтер