Қаз 30, 2023 22:00 Asia/Almaty
  • 2023 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның қорғаныс саласына бөлген бюджеті 6,8 пайызға артты

Қазақстанның сауда және қаржы жағдайын сараптайтын Finprom.kz сайтының хабарлауынша, 2023 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның қорғаныс саласына бөлген бюджеті 6,8 пайызға артты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылдың қаңтарынан тамызына дейін Қазақстан үкіметінің қорғаныс саласына бөлген бюджеті 715,7 млрд теңгеге жетті. Бұл 2022 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 6,8 пайызға артық.

Жалпы Қазақстанның 2023 жылға арнаған әскери бюджеті 1,2 трлн теңгеден асады. Мұның өзі 2022 жылғы бюджеттен 11,6 пайызға артық.

Finprom.kz сайтының Стокгольм халықаралық бейбіт зерттеу институтының (SIPRI) мағлұматтарына сілтеме жасап хабарлауынша, 2022 жылы Қазақстанның әскери бюджеті жалпы ішкі өнімнің 0,5 пайызын құраған. Бұл – Орталық Азиядағы басқа елдерден әлдеқайда аз көрсеткіш.   

Тегтер