Қазақстан Палестинаға бір миллион доллар гуманитарлық көмек бөледі
(last modified 2023-11-04T15:17:57+00:00 )
Қар 04, 2023 21:17 Asia/Almaty
  • Қазақстан Палестинаға бір миллион доллар гуманитарлық көмек  бөледі

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға бір миллион доллар гуманитарлық көмек бөлу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.


 

Қазақстан президенті солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыстағы сионистік режим мен Палестина арасындағы қақтығыс пен Ауғанстандағы тұрақсыздықтың жалғасып жатқанын, батыста заңсыз иммиграция мәселесінің шиеленісе түскенін еске салды. Ол: "Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе балалар мен қарттар соғыс құрбаны болып отыр.Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Осыған байланысты мен Палестина халқына бір миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдадым",- деді. Оның айтуынша, ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттермен шешуге жол берілмейді. Тоқаев: «Қазақстан мұндай әдістерді қатаң айыптайды және жағдайдың шиеленісуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», - деді.

 

Тегтер