Жел 05, 2023 22:19 Asia/Almaty
  • Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы

2-3 желтоқсанда Тегеран қаласында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы өтті.

Қазақстан делегациясын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Иран делегациясын ИИР Ауыл шаруашылығы министрі Мохаммад Әли Никбахт басқарды.

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық ынтымақтастықтың даму серпінін оң бағалай отырып, бұл динамиканы төмендетпеу және аталған бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру маңыздылығына ерекше көңіл аударды.

Іс-шара ашық, конструктивті және достық атмосферада өтіп, оның қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысының Хаттамасы;
  2. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара сауда айналымын 3 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу бойынша Іс-шаралар;
  3. Қазақстан стандарттау және метрология институты және Иран ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымы Ұлттық метрология орталығы арасындағы Метрология саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джиһады министрлігі арасында бидай саудасы саласындағы ынтымақтастық мәселелері туралы өзара түсіністік меморандумы.

Сонымен қатар, отырыс аясында екі елдің бизнес-қоғамдастығы арасында бірқатар кездесулер өткізіліп, онда сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша практикалық мәселелер талқыланды.

 

Дереккөзі: ИИР-дағы ҚР елшілігі

Тегтер