Жел 25, 2016 11:41 Asia/Almaty
  • Сирияның Алеппо қаласында АҚШ пен Израиль жеңілді

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Ислам революциясы Сирияда АҚШ пен сионистік режимге жеңілістің дәмін татырды» деді.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дивизия басшысы сардар Мұхаммад Әли Жафари Сирияның Алеппо қаласының лаңкестердің басқыншылығынан азат етілуіне сілтеме жасап: «Ислам революциясының қарсыласу майданы Алеппоны азат етуімен дұшпандарға, әсіресе АҚШ пен сионистік режимге аймақта үлкен жеңілістің дәмін татырды» деді.

Сирияның Алеппо қаласы 5 жыл лаңкестердің басқыншылығында болғаннан кейін желтоқсан айының он үші күні армия мен қарсыласу күштері тарапынан азат етілді.

Имам Хомейнидің Иран әуе флотына Сақшылар корпусын орналастыру негізіндегі жарлығының жылдығына байланысты сөз сөйлеген дивизия басшысы Жафари: «Америка алдындағы төзімділік халықтың қырағылығымен жүзеге асқан ислам революциясының өзекті және алғашқы негізгі қағидаларының біріне жатады. Сауд Арабиясы мен Америка Иранда бейберекеттік тудыруға күш салуда» деді.

 

 

Тегтер