Ақп 25, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторына артиллериялық шабуыл жасады

Сионистік режимнің зеңбіректері Газа секторының солтүстік-шығысында орналасқан Бейт-Ханун қаласын нысанаға алды.

Палестина ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шабуыл ешқандай зардап келтірген жоқ, тек жергілікті тұрғындардың қорқынышы мен үрейіне себеп болды.

Сионистік режимнің әскерилері жұма күні кешке 16 жастағы палестиналық жас жігітті Газа секторындағы әл-Мағази лагерінде нысанаға алып, жараландырды.

Сонымен қатар, сионистік режимнің әскери күштерінің әл-Халил қаласындағы Ыбырайым мешіті оқиғасының жиырма үшінші жылдығы қарсаңында шеруге шыққан палестиналықтарға қарсы шабуылы  салдарынан көптеген палестиналық жарақат алды.

Ыбырайым мешітіндегі қырғын 1994 жылдың ақпан айының жиырма төрті күні әсірешіл сионист Барух Гольденштейнның мешітке жасаған шабуылында орын алған болатын.

Соның салдарынан 29 палестиналық шәһид болып, 150 адам жарақаттанды.

 

Тегтер