Сәу 22, 2018 14:28 Asia/Almaty
  • Қарсыласу қозғалысы зымырандарының басып алынған Палестинаның кез келген жерін нысанаға алуға шамасы жетеді

Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Ливанның қарсыласу қозғалысы зымырандарының басып алынған Палестинаның кез келген жерін нысанаға алуға шамасы жететінін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейіт Хасан Насролла сенбі күні Бейруттің оңтүстігіндегі бір сайлауалды жиынында бейне-конференция арқылы сөйлеген сөзінде: «Ливан Хезболласы қарсыласу қозғалысын ешқашан тастап кетпейді. Бұл қозғалыс ешқашан талқыға салынбайды, өйткені ол үлкен жанкештіліктерге барды. Бұл біздің абырой, айбынымыз»,-деді.

Сейіт Хасан Насролла Ливан халқына аранауында: «Сіздердің міндеттеріңіз –қарсыласу қозғалысын қорғау. Бұл 2018 жылы 6 мамырда жасайтын істеріңіз. Бұл кезде жанұялар барлық ауылдар мен қалаларда сайлау учаскелеріне барып, «Үміт пен адалдық» тізіміне дауыс береді. Сіздердің әрбір дауыстарыңыз Ливан мен бүкіл әлемге біздің қарсыласу қозғалысын тастамайтынымызды білдіретін жолдау болады»,-деді.   

 

 

Тегтер