Maм 08, 2018 14:33 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Парламенттік сайлау өткізу Ливан үшін үлкен ұлттық жетістік

Ливан Хизболласының Бас хатшысы елінде парламенттік сайлау өткеннен бір күннен соң сөйлеген сөзінде бұл сайлауды Ливан халқы үшін үлкен ұлттық жетістік деп атады.

Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні Ливанның парламенттік сайлауы туралы: "Сайлауды бір күнде өткізу Ливан армиясы мен қауіпсіздік күштері үшін үлкен жеңіс болып, кейбір қайраткерлердің айтуына керісінше елдің қауіпсіздік жағдайының ерекше екенін  дәлелдеді",- деді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы  қарсыласу ағымы жақтастарының сайлауға жаппай қатысқанына тоқталып: "Қарсыласу ағымына қарсы шабуылдар мен үгіт-насихаттар азаматтардың сайлауға жаппай қатысуымен нәтижеге жетпеді. Мұндай нәтиже халықтың арасында қарсыласу қозғалысын ешкім қолдамайды деген уәждерге берілген орынды жауап",- деді.

Ливанның Ішкі істер министрі елдің парламенттік сайлауының нәтижесі мен Мәжіліс өкілдерінің құрамы туралы: "Парламенттік дауысқа ие болған 128 дауыстың 67 Ливан Хизболласы мен оның одақтастарына тиесілі",- деп мәлімдеді. Ливанның Ішкі істер министрі Нахад Машноқ Хизболла мен Амол коалициясының 29 өкілімен, Мишель Аунның қарамағындағы фракцияның 29 өкілімен, әл-Мұстақбалдың 20 өкілімен, Ливандық күштер партиясының 14 өкілімен, Социалистік партияның 9, басқа партиялардың 27 өкілімен Ливандағы әртүрлі сайтау тізімдерінің жеңімпаздары болғанын хабарлады.

 

 

Тегтер