Maм 23, 2018 22:18 Asia/Almaty
  • Набих Берри Ливан Парламентінің спикері болып қайта сайланды

Ливанның жаңа Парламентінің алғашқы отырысында Набих Берри осы ел Парламентінің спикері болып қайта сайланды.

IRNА-ның мәліметі бойынша Ливан Парламентінің спикері мен хатшылық кеңесін сайлау мақсатындағы отырысы бүгін сәрсенбі күні Парламенттің жасы үлкен мүшесі Мишель Муррдың басшылығымен өтті.
Набих Берри 98 оң дауыспен алтыншы кезеңге осы ел Парламентінің спикері болып қайта сайланды.

Ливанның заңына сәйкес, Парламент басшылығы шиіттердің жауапкершілігінде, елдің президенті марондік масихи, премьер-министр сүннит болуы керек.

 

Тегтер