Сәу 26, 2021 16:22 Asia/Almaty
  • Зарифтің Бағдадқа сапары

Иран Сыртқы істер министрі бүгін, дүйсенбі күні Катарға сапары аяқталғаннан кейін ирандық саяси делегацияны бастап Иракқа барды.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Иракқа сапары екі күнге созылады. Зариф бұл сапарда өзінің әріптесімен қоса, басқа ирактық басшылармен кездесіп, сұхбаттасады.

Ирак Сыртқы істер министрі әс-Сахаф кеше Иранмен ортақ мәселелер мен қызығатын тақырыптардың Зарифтің Ирак басшыларымен кездесіп, сұхбаттасуының басты өзегі болатынын айтты.  

Зарифтің Иракқа сапары екі күнге созылады. Иран Сыртқы істер министрі  Күрдістан аймағы басшыларымен де кездесіп, сұхбаттасады.

Зариф Ирактан бұрын Катарға барып, осы елдің басшыларымен кездесіп, маңызды екіжақты және аймақтық мәселелер, Иран мен 4+1 тобы келіссөздері жайлы пікір алмасты.  

Тегтер