Сәу 27, 2021 15:34 Asia/Almaty
  • Зариф Ирак Премьер-министрімен кездесті

Ирак басшыларымен кеңесу үшін Бағдадқа келген ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні түстен кейін Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземимен кездесті.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Зариф осы кездесуде Ирак Премьер-министрінің ИИР қатысты екіжақты және аймақтық қатынастардағы істерді қараудағы ерекше талпынысына тоқталып,     4+1 тобы арасындағы келіссөздеріндегі Иранның соңғы өзгерістерімен таныстырып, Ирактың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын және АҚШ-тың  біржақты залым  санкцияларының жойылуын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Мұстафа әл-Каземи Ирактың Иранды тек көршілес ел емес,  стратегиялық серіктесі деп санайтынын қуаттап,  Иранның ДАИШ-ке қарсы соғыста Иракты қолдағанына тоқталып: «Иранның бұл қолдауы ешқашан  ұмытылмайды»,- деді.

 

Тегтер