Maм 28, 2021 18:00 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Сирияны қайта дамытуға үміт артуы керек

Башар Асад Сириядағы президенттік сайлауда жеңіске жеткені жариялағаннан кейін: «Сирияны қайта дамытуға үміт арту үшін ертеңнен бастап іске кірісу керек»,-деді.

Сирия Президенті Башар Асад мәлімдеме жасап, барша сириялықтарға ұлтжандылық танытып, сайлауға жаппай қатысқаны үшін алғыс айтты.

Сирия Парламентінің төрағасы өткен түні Башар Асадты сайлауға қатысқан сириялықтардың басым дауысымен осы елдің президенті деп жариялады.

Сирия Парламентінің төрағасы президенттік сайлауға халықтың 78 пайызы қатысқанын мәлімдеді.

Сирияның президенттік сайлауы өткен сәрсенбіде 3 үміткердің бәсекелесуімен және халықтың жаппай қолдауымен өтті.   

Тегтер