Қар 14, 2022 19:39 Asia/Almaty

Сирияның ақпарат көздері жексенбі күні кешке сионистік режимнің Хомс облысына әуеден шабуыл жасағанын хабарлады.

Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің шабуылынан кейін Сирияның әуе қорғаныс кешені іске қосылып, атылған зымырандарды қағып түсіруге күш салды.

Кейбір ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, сионистік режимнің Хомс облысының Шаират әуежайына әуеден жасаған шабуылында 2 сириялық сарбаз қаза тауып, 3 адам жараланды.

Сионистік режим кейінгі жылдары Сирияға зымырандық жасау арқылы осы елдің әуе кеңістігін сан рет бұзды.   

Тегтер