Жел 06, 2022 18:20 Asia/Almaty
  • Катардағы Әлем чемпионатында Палестинаға қолдау көрсету жалғасуда

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы қызықты оқиғалардың бірі – көрермендердің сионистік режимге қарсы Палестинаға қолдау көрсетуі.

Катар-2022 Әлем чемпионатында әртүрлі елдерден, әсіресе араб елдерінен келген көрермендер израильдік БАҚ және журналистермен сөйлесуден бас тартып, ойын барысында Палестинаға қолдау көрсетті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, дүйсенбі кешкі Катар-2022   Әлем чемпионатының Хорватия мен Жапония арасындағы матчында бірқатар көрермендер Палестина туын көтерді.