Ақп 06, 2023 20:58 Asia/Almaty
  • Ариха қаласындағы Акаба Джабр лагерінде 5 палестиналық күрескер шәһид болды

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең сионистік әскерилер Ариха (Иерихон) қаласындағы Акаба Джабр лагеріне шабуыл жасап, 5 палестиналық күрескерді шәһид етті.

"Shahab News" сайтының хабарлауынша, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Ариха қаласын 10 күн бойы қоршауда ұстап тұрған сионистік әскерилер дүйсенбі күні таңертең Акаба Джабр лагеріне басып кірді.

Осы шабуылда сионистік әскерилер Акаба Джабр лагеріндегі палестиналық күрескерлер шоғырланған жерді қоршап алды. Соның салдарынан 5 палестиналық күрескер шәһид болып, 3 адам оқ тиіп жараланды.

Тегтер