Ақп 08, 2023 14:41 Asia/Almaty
  • Әл-Мекдад: АҚШ санкциялары жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге кедергі болуда

Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Меқдад: «АҚШ-тың санкциялары көмекке үлкен кедергі болып табылады, өйткені олар Сирияға дәрі-дәрмек әкелуге кедергі жасайды»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Сыртқы істер министрі сейсенбі күні кешке әл-Маядин арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Сирия халқына қарсы санкцияларын айыптап: «Сирия үкіметі көмек лаңкестердің қолына жетпеген жағдайда, барлық аймақтарға көмек жеткізуге мүмкіндік жасауға дайын»,- деді.

Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Басам Сабағ дүйсенбі күні кешке осы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуінде Сирия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасады. Бұл мәлімдемеде Сирия СІМ БҰҰ-на мүше мемлекеттер, осы ұйымның хатшылығы, Халықаралық Қызыл Крест комитеті және басқа да үкіметтік және үкіметтік емес мекемелерден Сирия мен оның үкіметіне жуырдағы жер сілкінісінен туындаған гуманитарлық апатты жоюға көмектесуді сұрады.   

Тегтер