Маусым 21, 2023 22:01 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік қалашық тұрғындарының шабуылынан 35 палестиналық жараланды

Сейсенбі күні кешке сионистік қалашық тұрғындары Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблустың ауылдары мен қалашықтарына шабуыл жасап, палестиналықтардың егіс алқаптары мен жеке мүлкін өртеп, кемінде 35 палестиналықты жаралады.

Хамас қозғалысы:"Рамалла қаласының солтүстігіндегі Айла қалашығының жанында болған атыста Изаддин Қассам батальондарының жауынгерлері сионистік әскерилер қолынан қаза тапты",-деп мәлімдеді.

Хамас: "Халед Саббах пен Мехди Шохада Айла қалашығына кіреберісте сионистік қалашық тұрғындарына оқ атып, 4 адамды өлтіріп, 4 адамды жаралаған. Бірақ өздері де сионистік әскерилердің оғынан қаза тапты",-деді.

Хамас: "Бұл ержүрек іс-қимыл дүйсенбі күні басқыншы әскерилердің Джениндегі қылмысына және Израиль үкіметінің әл-Ақса мешітін мезгіл және мекен тұрғысынан бөлуге қатысты жоспарларына жауап ретінде жүзеге асырылды",-деп еске салды.     

Тегтер