Шіл 07, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауындағы антисионистік операцияда 1 сионистік сарбаз қаза тауып, тағы 1 жараланды

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік елді мекен маңындағы антисионистік операцияда 1 сионистік сарбаз қаза тауып, тағы 1 сарбаз жараланды.

 

Жараланған сионистік сарбаздың жағдайы өте ауыр екені айтылады. Сионистік күштер дереу Наблустың батысындағы Кодомим қиылысында осы операцияның кінәлілерін анықтау және ұстау үшін орналастырылды. Сионистік қоныстанушыларға да үйлерінде қалуға кеңес берілді.

ХАМАС қозғалысы өз мәлімдемесінде басқыншы режимнің басқыншылық әрекеттері мен Палестинадағы қылмыстарына үздіксіз жауап беру аясында Калкилияның шығысында атыс операцияларын жасағанын хабарлап, мадақтады. ХАМАС мәлімдемесі жарияланғаннан кейін сионистік режим: «Жағдайы ауыр сионистік сарбаз қаза тапты»,- деп жариялады. Сионистік ақпарат құралдары бейсенбі күні кешкі операцияны екі палестиналық жасағанын хабарлады. Палестиналықтардың бірі сионистік күзетшілерге басып кетуге әрекеттенсе, екіншісі сионистік сарбазға оқ атпақ болып, екеуі   де шәһид болды.

 

Тегтер