Там 31, 2023 16:33 Asia/Almaty
  • Иракқа 2 млн 300 мыңнан аса зияратшы барды

Ирактың Ішкі істер министрлігі Арбағин шеруіне қатысу үшін елге 2 млн 300 мыңнан аса зияратшы келгенін хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің Al-Sumaria News сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың Ішкі істер министрлігі бейсенбі күні: "Ішкі істер министрі Абдуламир әш-Шемри басқаратын Арбағин зияратшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоғары комитет өз қызметін жалғастырады. Қауіпсіздік күштері зияратшылар жүретін жолдардың бойына орналасқан",-деп хабарлады.

Осы мәлімдемеде: "Тиісті органдар құрлықтағы өткелдер, соның ішінде  әл-Манзария, Зәрбатия, әш-Шиб, Шаламче, Сафван, Мандали, Каркук мен әл-Қаемде және Бағдад, Наджаф пен Басра әуежайларында зияратшылардың жүріп-тұруын жеңілдетуге қажетті жағдай жасай бастады. Арбағин зияраты басталғалы бері 2 329 400 зияратшы Ирак жеріне кірді",-делінген.

Тегтер