Қыр 03, 2023 18:46 Asia/Almaty
  • Қатыгездік Каркук мәселесін шешпейді

Каркук қаласында араб пен түркімен тұрғындардың Күрдістан аймағының Демократтар партиясына тиесілі қауіпсіздік күштерімен қақтығысы жалғасқаннан кейін осы елдің шиіт партияларының "Үйлестіру аясы" атты альянсы өз мәлімдемесінде халықты тыныштыққа шақырды.

Мәліметтер бойынша, Каркук полициясының ақпарат хатшысы жексенбі күні: "Бұл шеруде 4 күрд қаза тауып, 9 адам жараланды",-деп мәлімдеді.

Каркукте тұратын жүздеген араб пен түркімен сенбі күннен бері осы қалаға "Пишмәрге" күштерінің қайтып оралғанына наразылық ретінде шеру өткізді. Бірақ Демократтар партиясына тиесілі қауіпсіздік күштерінің шабуылына ұшырады. Қақтығыстар әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Күрдістан аймағының Премьер-министрі мен "Отандық одақ" партиясы Ирактың Премьер-министрінен Каркуктегі жағдайды бақылауға алу үшін шұғыл әрекет етіп, қақтығыстарды тоқтатуды талап етті.

Тегтер