Қаз 06, 2023 17:52 Asia/Almaty
  • Сирия Премьер-министрі: Дамаск пен Теһран қарым-қатынасы - стратегиялық

Сирия Премьер-министрі Дамаск пен Теһран қарым-қатынастарының стратегиялық және екі елдің мүдделеріне сай келетінін қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Арнус бейсенбі күні ирандық Mapna компаниясымен жөнделген Алеппо жылу электр станциясының бірінші блогының ашылу салтанатында: " Сирия мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастық барлық салаларда жалғасуда және ирандық компаниялардың жақсы тәжірибелері бар. Бұл жоба Сирия мен Иранның арасындағы барлық салаларда жалғасып келе жатқан ынтымақтастықтың бір бөлігі",- деді.

Алеппо жылу электр орталығының қуаттылығы 202 мегаватт бірінші блогы кеше ирандық Mapna тобының жөндеу жұмыстарынан кейін іске қосылды. Алеппо жылу электр орталығының іске қосылу рәсіміне Сирия Премьер-министрі Хұсейн Арнус пен Иран елшісі Хұсейн Акбари қатысты. Бұл электр стансасының бесінші блогы өткен жылы дәл осындай қуаттылықпен ашылып, қазір бұл екі блок Сирияның электр желісін 404 мегаватт электр қуатпен қамтамасыз етуде.

 

  
 
 

 

 

Тегтер