Қаз 06, 2023 20:40 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы  әскери колледжге жасалған ұшқышсыз шабуылға жауап қайтарып, лаңкестердің позицияларын бомбалады

Сириядағы әскери колледжге жасалған лаңкестік әрекеттен кейін бұл елдің армиясы лаңкестердің позицияларын бомбалады.

 

Al-Mayadeen тілшісі Сирия армиясының осы елдегі әскери колледжге ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуылға жауап ретінде Хаят Тахрир аш-Шам және Хизб Түркістан содырларының позицияларын бомбалағанын хабарлады.

Sputnik ақпарат агенттігі де бұл жаңалықты растап, лаңкестік топтардың позициясы болған Хама және Идлиб провинцияларының бір бөлігі Сирия армиясының әуе шабуылдарының нысанасына алынғанын хабарлады.

Сирия үкіметі мәлімдемесінде бүгіннен бастап (жұма) Хомс провинциясындағы әскери колледж офицерлерінің бітіру рәсімінде лаңкестік әрекет құрбандарын еске алу мақсатында үш күндік жалпыхалықтық аза тұту жариялады.  

 

Тегтер