Қар 08, 2023 17:18 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Газада наубайханалардың  жұмысын тоқтатуы туралы ескерту жасады

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі жанармай тапшылығына байланысты Газадағы наубайханалар жұмысының қиындықтарға тап болғанын және көптеген наубайханалардың жұмысы тоқтағанын ескертті.

 

«Әл-Джазираға» берген сұхбатында ол былай деді: «Жанармай мен санитарлық судың жетіспеушілігі Газадағы наубайханалардың жұмысына кедергі келтірді. Бұған дейін Газада 23 наубайханамен ынтымақтасатын болсақ, қазір бірі ғана жұмыс істеп тұр». Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі: «Қазіргі уақытта біз Газада өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатырмыз, байланыстың үзілуіне  байланысты хаос пайда болды. Газа дағдарысы – біз бетпе-бет келіп отырған ең күрделі жаһандық дағдарыстардың бірі»,- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер