Жел 10, 2023 20:38 Asia/Almaty
  • Тель-Авивте мыңдаған адам Нетаньяхуға қарсы митинг өткізді

Тель-Авивте мыңдаған адам жиналып, Нетаньяхуды соғыстың жалғасуына және Израиль әскерилерінің шығынының көбеюіне себепкер деп атады.

Наразылар соғысты тоқтатып, Газа секторында ХАМАС-тың қолындағы барлық тұтқындардың босатылуы керегін баса айтты.

Шерушілердің қолдарындағы плакаттарда "Тұтқындардың барлығы қайтарылмайынша шеруді жалғастыра береміз" деп жазылған.

АҚШ-тың "Политика" басылымы сионистік шенеуніктерге сілтеме жасап, ХАМАС-пен тұтқындармен алмасуға қатысты уақытша келісім жасалуы мүмкін деп хабарлады. Ал бұл жағдайда ХАМАС сионистік режимге шарт қойып, тұтқындармен алмасуға қатысты кез келген келісімге қол қою үшін атысты тоқтату бітімін жасау, гуманитарлық көмек жіберу және ауруханаларды сұйық отынмен қамтамасыз ету, сионистік режимнің түрмелерінен әйелдер мен балаларды босатуды талап етті.     

 

Тегтер