Жел 29, 2023 21:26 Asia/Almaty
  • Йемендіктер Саадада Газаны қолдау үшін үлкен шеру өткізді

Йеменнің солтүстігіндегі Саада облысында «Жеңіске жеткенше біз сенімен біргеміз және Америка бізді тоқтата алмайды» деген тақырыппен үлкен шеру өтті

 

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, шеруге қатысушылар мәлімдеме жариялау арқылы Йемен қарулы күштерінің Газаны, Палестинаның қарсыласуын және қарсыласу осін қолдаудағы әрекетін мадақтады. Бұл мәлімдемеде шеруге қатысушылар Израиль кемелеріне қолдау көрсету үшін америкалық коалицияға қосылуға қарсылық білдірген елдердің ұстанымдарын құптай отырып, сионистік дұшпанға көмек көрсетуді қатаң айыптады. Шерушілер араб режимдерінің Палестина халқына қатысты үнсіздігін және АҚШ-тың сионистік режимге Газада көбірек қырғын  жасау үшін көбірек мүмкіндік беру ұстанымын айыптады.

Сондай-ақ шеру қатысушылары: "Араб және ислам елдері мен әлем халықтарынан Газадағы сионистік режимнің қырып-жоюына қатысты қысымдарын жалғастырып, ашуларын білдіруді сұраймыз",- деп жариялады. Саададағы шерушілер сонымен қатар араб және ислам елдері мен әлемнің азат халқынан Америка мен Израиль тауарлары мен оларды қолдайтын компанияларға қарсы экономикалық санкциялар қаруын белсендіруді сұрады.

 

 

 

Тегтер