Қаң 27, 2024 17:25 Asia/Almaty
  • Хизболла зымырандары израильдік барлау нысандарына шабуыл жасады

Ливан Хизболласы мәлімдеме жасап, Израиль режимінің әскери және тыңшылық орталықтарын нысанаға алғанын жариялады.

 

Ливан Хизболласы басып алынған Палестинаның солтүстігінде орналасқан «Зарейт» базасындағы Израиль режимінің тыңшылық агенттіктерінің бас кеңсесін нысанаға алғанын білдірді.

«Барке Риша» әскери орталығы мен «Тел әл-Кобрадағы» израильдік сарбаздар жиналатын орын Ливан қарсыласуының зымырандық шабуылдарына ұшыраған басқа аймақтар болды.

Ливан қарсыласу күштері де басқарылатын зымыранмен «Хирба Маар» штабының айналасындағы Израиль армиясының әскери нысанасын нысанаға алды.

 

Тегтер