Ақп 14, 2024 20:29 Asia/Almaty
  • Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: АҚШ-тың Салих Самадқа жасалған террорға қатысы бар

Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: "АҚШ Салих Самадқа жасалған террорда түбегейлі рөл атқарды. Өйткені оның халық арасындағы ықпалы мен белсенді рөліне алаңдады",-деді.

Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сейіт Әбдімәлік Бәдреддин Йеменнің жоғары саяси кеңесінің марқұм басшысы Салих Самадтың шәһид болған күніне орай сөйлеген сөзінде: "АҚШ Салих Самадқа жасалған террорда түбегейлі рөл атқарды. Өйткені оның халық арасындағы ықпалы мен белсенді рөліне алаңдады",-деді.

Сейіт Әбдімәлік Бәдреддин: "Басқыншы коалицияның мақсаты Йеменге шабуыл жасау, оны толық басып алу, халықты азаттық пен тәуелсіздіктен айыру болды. Шәһид Салих Самад Йеменде халықтық күштерді ресми жасақтап, басқыншыларға қарсы ішкі майдан ашуда белсенді рөл атқарды. Дұшпандар шәһид Салих Самадты нысанаға алу арқылы Йемен халқының ерік-жігерін мұқалтып, табандылығын әлсіретіп, үмітсіздік ұялатуды көздеді",-деді.

 

Тегтер