Ақп 22, 2024 20:05 Asia/Almaty
  • Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: АҚШ – сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына ортақ басты серіктесі

Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы АҚШ-ты сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына ортақ басты серіктесі деп атап: "АҚШ Газада геноцидтің жалғасуына табандылық танытып отыр",-деді.

Сейіт Әбдімәлік Бәдреддин АҚШ-тың сионистердің қылмыстарын қолдау рөлін Ұлыбританиядан мирасқа алғанын айтып: "Сионистік режимге геноцидті жасауға қолдау көрсеткен АҚШ, Ұлыбритания мен Еуропаның ірі елдерінің көбі осы қылмыстарға ортақ",-деді.

Йемен Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: "АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рөлін өзгертіп жіберді. БҰҰ-ның әлсіз халықтардың мүддесіне сай гуманитарлық іс-шаралар атқаруына кедергі жасады",-деді.

Сейіт Әбдімәлік Бәдреддин: "Газада гуманитарлық жағдай ушығып, қиыншылықтар артқан сайын барша жұрттың, әсіресе мұсылмандардың жауапкершілігі артады",-деді.

Тегтер