Ақп 23, 2024 17:55 Asia/Almaty
  • Израильдің геноцидтік режимі Газа секторына жіберілген 17 гуманитарлық көмекті нысанаға алды

Америкалық БАҚ Израиль режимінің Газа секторына  гуманитарлық көмек жөнелтуде БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігімен (UNRWA) ресми келісімдерін де орындамайтынын және адам жөнелтілімдерін нысанаға алғанын жариялады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Американың CNN ақпарат арнасы сионистердің Газа секторындағы шабуылында жасаған қылмысы туралы құжатты жариялады. Мыңдаған палестиналық босқын БҰҰ-на қарасты он көмек конвойының Газаға келуін күтіп тұрған жағдайда, геноцидтік Израиль режимінің армиясы режим мен UNRWA көмек агенттігі арасында келісілген бағытта келе жатқан гуманитарлық жүк тиеген көліктерінің біріне шабуыл жасады.

БҰҰ мен Израиль армиясы арасындағы Газаға гуманитарлық көмек колоннасын жіберу туралы ресми келісім құжатын мойындай отырып, CNN тілшісі бұл жүк көлігінің Газаға гуманитарлық көмек жіберу үшін тараптар келісілген бағыт бойынша қозғалғанына қарамастан осы режим армиясының нысанасына алынғанын растады.

Quds News арнасының Telegram арнасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының баспасөз хатшысының сөзіне сілтеме жасап: «Газадағы жер асты суына қол жеткізуге болатын құдықтардың шамамен 83 пайызы қирап, ауыз су дағдарысы Газа қоршауындағы халықтың басқа мәселелерін толықтырды",- деп жазды.

 

Тегтер