Нау 05, 2024 19:23 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, Газа секторының солтүстігінде көптеген балалар аштықтан өлген

Сионистерді қарғаған осы аш палестиналық балалардың бірінің бейнесі көпшіліктің назарына ілікті.

Өткен түнде израильдік әскерилер гуманитарлық жүк тиеген конвойға тағы да оқ жаудырды.

Бүгін сионистік режимнің соғыс ұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия лагеріндегі тұрғын үйді нысанаға алып, нәтижесінде 8 адам шәһид болды.

Хан-Юниске жасалған әуе шабуылында кем дегенде 12 палестиналық шәһид болды. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда тәулікте 97 адам шәһид болып, 120-дан астам адам жараланған.

Сейсенбі күні сионистік режим де Газа секторының солтүстігіндегі тұрғын аудандарды бомбалады. Ақпарат көздері бұл әрекеттің осы аймақтарды тұруға жарамсыз ету мақсатында жасалғанын хабарлады.

 

Тегтер