Нау 07, 2024 18:02 Asia/Almaty
  • Дамаск: Батыс саясаткерлерінің миында әлі күнге дейін отаршылдық менталитет басым

Сирия Сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің басқа елдерге қатысты отаршылдық менталитетін сынап: «Батыстағы саяси жағдай апатты болды және қазіргі уақытта шындық пен адамгершілікке жатпайтын қайшылықтарға толы»,- деді.

Еуропалық Одақ өзінің жуырдағы отырысында Батыс пен Американың ДАИШ лаңкестік тобына үздіксіз қолдау көрсетудегі рөлін елемей, Сирия үкіметіне қарсы талаптар қойды.

Дамаск Еуропалық Одақтың талаптарын айыптай отырып, бұл әрекетті «ішкі істеріне ашық араласу» деп атап, Еуропалық Одақтың қарарының нәсілшіл ойларға толы екенін жариялады.

Сирия Сыртқы істер министрлігі Батыстағы көптеген саясаткерлердің санасында әлі күнге дейін отаршылдық ойдың үстемдік етіп отырғанына тоқталып: «Мұндай талаптарды айту Батыстың қайшылықпен және шындықтан ажыраумен бірге жүретін апатты да әдепсіз саяси жағдайын көрсетеді»,- деп мәлімдеді.

Тегтер