Нау 20, 2024 19:55 Asia/Almaty
  • Ирак, Ливан және Йемен қарсыласуы Израиль және Америка әскери  бөлімшелеріне қарсы зымыран  және ұшқышсыз ұшақтармен сәтті шабуылдар жасады

Қарсыласу майданы Палестинаның езілген халқына қолдау көрсету үшін басқыншылар мен олардың жақтастарына сәтті шабуылдар жасады.


 

Ирак исламдық қарсыласу ұйымы бірнеше ұшқышсыз ұшақпен басып алынған жерлердің тереңіндегі «Бен Гурион» әуежайын нысанаға алғанын хабарлады.

Йемен армиясы да басып алынған «Эйлат» портын зымыранмен нысанаға алғанын жариялады. Йемен қарулы күштері де Қызыл теңізде «Мадо» атты америкалық кемені нысанаға алды.

Сионистік режим 7 қазаннан бері Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз және езілген халқына қарсы жаппай қырғын бастады.

Басқа жақтан Газадағы Палестина қарсыласуы мен Ливан, Ирак, Йемен және Сириядағы басқа қарсыласу топтары басқыншы режимнің бұл қылмыстардың ақысын төлейтіндерін жариялады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 31 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 72 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне көшуі арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері палестиналықтарды геноцидке ұшыратып, олардың бүкіл жерін басып алу үшін түрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

 

Тегтер