Нау 26, 2024 22:11 Asia/Almaty
  • Америка, Англия және Израильдің зұлым үшбұрышын жазалау қажеттілігі / Йемен Ансаролласының жетекшісі: Басқыншыларды тосынсый күтіп тұр

Абдул Малик әл-Хоуси Йеменнің Ұлттық қарсыласу күнінде араб билеушілерінің Америка саясаттарына соқыр мойынсұнуын осы елдердің зияны деп санап, Иран, Хизболла және Иракқа Йемен халқын қолдағаны үшін  алғыс айтты.


 

 

Йеменнің  Ансаролла  қозғалысының жетекшісі Йемен халқының басқыншыларға қарсы тұрақтылығын қуаттап, Йеменнің қымбатты халқы басқыншылықтың тоғызыншы жылында әлі де қарсылық көрсетіп, тұрақтылық танытып отырғанын айтты.  Йемен революциясының жетекшісі әрі қарай былай деді: "Америка бұл соғысты бақылауға алды және бұл соғысты Америка, Англия және Израиль режимі жоспарлап, араб коалициясы жүзеге асырды".

Абдул Малик әл-Хоуси сөзінің тағы бір бөлігінде Америка, Ұлыбритания және Израиль басқыншы үшбұрышын ескертіп, Йемен халқына Йеменнің ұлттық қарсыласу күнінің 10 жылдығында Йемен армиясы өзінің алдыңғы қатарлы әскери жетістіктерімен  Йемен халқы мен Палестинаның езілген халқына қолдау көрсетіп, дұшпандардың күн санап артып келе жатқан қастандықтарына қарсы тұратынын айтты. Йемендік «Ансаролла» қозғалысының жетекшісі Йемен жауынгерлерінің толық дайындығына және Йемен халқының бұрын-соңды болмаған саяси қырағылығына және халықтың әртүрлі топтары арасындағы ішкі бірлікке сілтеме жасап, Йеменге әскери басып кіруді АҚШ, Ұлыбритания және Израиль коалициясының алдын ала жоспарлаған жоспары деп санады.

Әл-Маядиннің айтуы бойынша, ол "Йеменге басып кіруді Америка, Англия және Израиль жоспарлап, (басқыншы) коалиция оны жүзеге асырды. Осы кезеңде басқыншылар коалициясынан 282 879 адам мен олардың жалдамалы жауынгерлері қаза тауып, жараланды" деді.

Әл-Хоуси: "Йеменге жасалған шабуылдың мақсаты – бүкіл аймақты нысанаға алу. Біз барлық араб және ислам елдерімен түсіністік пен бейбітшілікті қалаймыз және араб елдерінің ешқайсысына дұшпандық көзқарасымыз жоқ. Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің бейбітшілікті жүзеге асыруды кейінге қалдыруға еш сылтауы жоқ. Біз қазір Америка, Израиль және Англияның зұлым үшбұрышымен тікелей бетпе-бет келіп отырмыз. Сауд Арабиясы мен БАӘ шиеленісті азайту кезеңінен жан-жақты бейбітшілікке қол жеткізу кезеңіне өтуі керек.Бейбітшілікті жүзеге асыру қоршауды, агрессияны және басып алуды тоқтатуды, сондай-ақ тұтқындарды айырбастауды және келтірілген шығынды өтеуді білдіреді. Американың саясатына қызмет ету ешбір араб елінің игілігіне жарамайды және біз барлығына Америкаға соқыр мойынсұнудан азат болуға кеңес береміз",- деді.

 

Тегтер