-
Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тараптарын міндеттемелерін орындауға шақырды
Там 31, 2018 16:52ИИР Сыртқы істер министрі егер Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы серіктестері осы келісімді сақтап қалуды қаласа, нәтижесіз мәлімдеме жариялаудан бас тартып, сындарлы әрекет жасап, ИИР-ның экономикалық мүдделерін қорғауға бет бұруы тиіс деп қуаттады.
-
Зариф Эрдоғанмен кездесті
Там 30, 2018 17:14Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған сәрсенбі күні Анкарада Әділет және даму партиясының кеңсесінде кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен Сириядағы өзгерістер туралы пікір алмасты. Кездесуге Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да қатысты.
-
Қытай мен Иран СІМ-лері телефон арқылы сұхбаттасты
Там 18, 2018 13:26ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И жұма күні кешке ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбатында өз елі үшін Иранмен қарым-қатынастың маңызды екенін баяндап: "Бейжің жуырдағы халықаралық өзгерістерді назарға алып, Теһранмен қарым-қатынастар деңгейін арттыруға шешім қабылдады",- деді.
-
Зариф: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция Иранның мүддесіне сай
Там 16, 2018 15:43ИИР Сыртқы істер министрі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның Иранның аумақтық тұтастығын сақтап қана қоймай, осы аймақтағы көршілес елдермен достық қарым-қатынас орнатып, оны жалғастыруға да септігін тигізетінін баса айтты.
-
Каспий теңізінде бөгде елдердің әскерилерінің орналасуына тыйым салу жөнінде бірауыздылық бар
Там 12, 2018 15:45ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні кешке Қазақстанда өткен Каспий теңізі маңындағы елдер Сыртқы істер министрлерінің саммитінде бұл теңізде бөгде елдердің әскерилерінің болуы мен өтуіне тыйым салу туралы бірауыздылықтың бар екендігін хабарлады.
-
Зариф Трамптың "әлемдік бейбітшілік" туралы твитіне жауап берді
Там 08, 2018 16:14ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Трамптың "әлемдік бейбітшілік" орнату туралы уәжіне жауап беріп: "Көп сөйлеп, твиттер жариялау әлемнің АҚШ-тың біржақтылығынан шаршағаны туралы ақиқатты өзгерте алмайды",- деп жазды.
-
Зариф Трамптың әлемдік бейбітшілікті қолдайтыны туралы уәжіне жауап қайтарды
Там 08, 2018 14:33АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың сегізі күні ресми түрде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, тамыздың жетісі күні Иранға қарсы біржақты санкцияларды күшіне енгізді.
-
Зариф: АҚШ-тың екіжүзділігінде шек жоқ
Там 07, 2018 14:50ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы заңсыз санкцияларды қайтаруына реакция білдірді.
-
Еуропа "Ортақ қадам" келісімін сақтап қалу жолында талпыныс жасауда
Там 04, 2018 16:13Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зарифтың айтуынша, әлем "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалуға бағытталған іс-шараларды үйлестіру қажеттігі жайлы бір ортақ шешімге келді.
-
Зариф: АҚШ Иран суларының айналасында адасып жүрген секілді
Там 03, 2018 21:51ИИР СІМ жұма күні таңертең америкалықтардың Парсы шығанағындағы құзырын сынға алып: "АҚШ-тың теңіз күштері Иран суларының айналасында адасып, өз жолын таба алмай жүрген секілді",-деді.