-
Иранның зымырандық қуаты талқыланбайды
Қыр 10, 2018 15:43Бүкіл Қарулы күштердің Бас қолбасшысының қорғаныстық өнеркәсіптер жөніндегі кеңесшісі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан жексенбі күні жарияланған Russia al-Yaum арнасына берген сұхбатында Иранның зымырандық қуатының тақыланбайтынын баса айтып: "Иранның зымырандық қуаты – халқымыздың айбыны, абыройы, тәуелсіздігі мен сеніміне қатысты мәселе. Сондықтан талқыланбайды",- деп мәлімдеді.
-
Ансаролла қозғалысы: Йеменде ирандық әскери күш жоқ
Қыр 09, 2018 14:59Йеменнің Ансаролла қозғалысы саяси бюросының мүшесі Мұхаммад әл-Бахити сенбі күні саудиялық басқыншы коалицияның ирандық күштердің Йеменде жүргені туралы уәждерін негізсіз деп атап, тағылған айыптардың шындыққа жанаспайтынын айтты.
-
Йеменнің Халық конгресі Женева келіссөздеріне қатысуға әзірлігін жариялады
Қыр 02, 2018 20:51БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Мартин Гриффитстің өткен тамыз айындағы Женева келіссөздеріне қатысуға шақыруына Йеменнің Халық Конгресі әзірлігін жариялады.
-
Йеменде жүздеген саудиялық жалдамалы өлді
Қыр 02, 2018 20:31Йемен армиясы мәлімдемесінде 2018 жылдың тамыз айында 674 саудиялық жалдамалының өлгені және жарақат алғаны туралы хабарлады.
-
Саудиялық коалиция йемендік балаларды өлтіргенін мойындады
Қыр 02, 2018 14:52Саудиялық басқыншы коалиция Йеменнің Саада облысында йемендік балаларды тасымалдаған автобусты нысанаға алғанын мойындады.
-
Қатардың Сыртқы істер министрі Йемендегі соғыс қылмыстарын айыптады
Там 29, 2018 20:12Қатар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдолрахман әл-Сани Твиттердегі парақшасында: «БҰҰ-ның Йеменге қатысты мәлімдемелері алаңдатарлықтай. Сондықтан соғыс қылмыстарына қарсылық білдіру адами әрі ахлақтық әрекет саналады»,- деп жазды.
-
Сауд Арабиясы Йеменге жанармай апара жатқан кемені тоқтатты
Там 26, 2018 16:50Сауд Арабиясы бастаған басқыншы коалиция Йеменнің батысында орналасқан әл-Ходайда айлағына бағыт алған мұнай өнімдерін тасымалдаушы кемені тоқтатты.
-
Батыс елдері өз күштерін Йеменнен шығаруы керек
Там 19, 2018 14:05Йеменнің Ансаролла қозғалысы Батыс елдерінен Сауд Арабиясы бастаған араб басқыншы коалициясы қалыбында Йеменге жіберген күштерін бұл елден шығаруды талап етті.
-
CNN: Сауд Арабиясы америкалық қару-жарақ арқылы йемендік балаларды өлтірді
Там 18, 2018 16:14CNN телеарнасы жұма күні тілшілер мен қару-жарақ мамандарының әріптестігімен Сауд Арабиясының Йемендегі оқушыларды тасымалдайтын автобусқа шабуыл жасау үшін қолданған бомбаның АҚШ тарапынан Риядқа сатылып, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Риядқа осы бомбаны сатуға рұқсат бергенін дәлелдеді.
-
Бин Салманды сынаған саудиялық уағызшылар азаптау кезінде көз жұмды
Там 15, 2018 21:45Сауд Арабиясындағы уағызшылардың бірі Солейман әд-Дуәйш осы елдің тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманды сынағаны үшін абақтыға қамалып, сейсенбі күні азаптау кезінде өлтірілді.