Pars Today
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Иран мен Кувейттің парламентаралық достық тобының төрағасы Мазруқ әл-Хабинимен кездесуінде: "Газада бірде-бір мақсатына жетпеген сионистік режим өз жеңілісін лаңкестік әрекеттер жасаумен өтеуге тырысып жатыр",-деді.
ИИР мен Нидерландының сыртқы істер министрлері жұма күні кешкі телефон сұхбатында екіжақты қарым-қатынастардың соңғы жағдайы мен аймақтағы өзгерістер туралы пікір алмасты.
Бейсенбі күні таңертең Систан мен Белуджистан облысындағы шекаралық ауылда болған жарылыстан кейін Теһрандағы Пәкістан елшісінің қызметін атқарушы Иран СІМ-ге шақыртылды.
Ислам революциясы жетекшісінің өкілі әрі Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы мен Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі телефон арқылы сұхбатта екі елдің тамыры терең бауырластық қатынасы туралы сөйлесті.
Пәкістан Сыртқы істер министрі бейсенбі күні лаңкестікке қарсы күрес саласында Иранмен әріптестік жасайтынын айтып: "Иран территориясындағы лаңкестердің позицияларына қарсы нақты шабуылдар жасадық. Соның нәтижесінде бірқатар "террорист" өлтірілді",-деп уәж айтты.
Систан мен Белуджистан облысы әкімінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары: "Бейсенбі күні таңертең Пәкістан тарапынан атылған зымыранның салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты",-деп хабарлады.
Давос-2024 экономикалық форумына қатысу үшін Швейцарияға барған Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік экономикалық форумның басшысымен кездесті.
Иран Сыртқы істер министрі Давос форумы аясындағы кездесулерінің жалғасында сәрсенбі күні Сауд Арабиясы, Словения, Ұлыбритания, Грузия Сыртқы істер министрлері және Армения Президентімен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Петерсонмен Давоста кездесті.
Иран Сыртқы істер министрі Пәкістан Сыртқы істер министрімен сұхбатында Теһран үкіметінің осы дос, бауырлас әрі көрші елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтінін айтып: "Иран Пәкістанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатты көңіл бөледі",-деді.