Мүбарак рамазан айында Палестина қарсыласуының маңыздылығы қуатталды
(last modified Sat, 25 Jun 2016 16:14:27 GMT )
Маусым 25, 2016 22:14 Asia/Almaty
  • Мүбарак рамазан айында Палестина қарсыласуының маңыздылығы қуатталды

Палестина Исламдық Қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) баспасөз хатшысы Палестина қарсыласуының мүбарак рамазан айындағы маңызын қуаттады.

Палестина Исламдық Қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) баспасөз хатшысы Хусам Бадран «Палестина халқы мен қарсыласу топтары сионист дұшпанның қылмыстарының жалғасуының алдында ешқашан үнсіздік танытпайды, қарсыласуды арттыру арқылы олардың қылмыстарына жауап береді. Палестина халқы шәһидтердің қаны мен қарсыласу жолын жалғастыруға адалдық танытады.

Сионист дұшпанның Палестина халқына қарсы қылмыстары бір сәт те тоқтаған жоқ. Өткен күндері Рамалланың батысындағы қалашық тұрғыны он бес жастағы палестиналық жасөспірім Махмуд Бадранды басқыншылар оқ атып өлтірді. Палестиналық жастардың қаһармандық қарсыласуының жалғасуы шәһидтердің қаны мен сионистердің Палестина жері және қасиеттіліктеріне құрметсіздік көрсеткендері үшін кек алу мақсатын көздейді. ХАМАС қозғалысы бұрынғысынша қарсыласу таңдауына табандылық танытып, Құдс мүбарак интифазасынан бір сәтке де қол үзбейді. Палестиналық жастар басқыншылық тоқтағанға дейін қарсыласуын жалғастырады» деп қуаттады.

Құдс мүбарак интифазасы өткен жылдың қазан айында басталып, соның барысында 200-ден астам палестиналық шәһид болды.