Там 11, 2016 18:28 Asia/Almaty
  • ДАИШ тобын жеңудің тойы жақын

Ирактың үкімет басшысы осы елде ДАИШ тәкфирлік-сионистік тобын жеңудің тойының өте жақын қалғанын хабарлады.

Хайдер әл- Абади: «Жақында Мосул қаласын ДАИШ- тен қайтарып алып, Иракта ДАИШ тобын жоюды тойлататын күн өте жақын қалды.

Фаллуджа шайқасына қатысқан халықтық ерікті күштер Мосул қаласын азат ету қимылдарына да қатысатын болады. Қарулы күштер, халықтық ерікті күштер, федералдық полиция және басқа барлық күштердегі біздің бауырларымыз өз міндеттерін атқарады. Олардың барлығы Мосул шайқасына атсалысады. Осы күштердің барлығы Фаллуджа мен оның айналасындағы аймақтарды қайтарып алуға қатысты. Олар Мосулді азат ету қимылдарына да қатысатын болады. Мен Құдай қаласа, Мосулды азат етудің жақын екенін тағы да қуаттаймын. Өте жақын арада Иракта ДАИШ- тың әскери белсенділігінің аяқталғанын тойлайтын боламыз" деді.

 

 

Тегтер