Там 29, 2016 22:35 Asia/Almaty
  • Ирактың үкімет басшысы мен парламент төрағасы Мосулді азат етуді қуаттады

Ирактың үкімет басшысы мен парламент төрағасы Ирактың солтүстігінде орналасқан Мосул қаласын лаңкестердің басқыншылығынан азат ету үшін Ирак армиясы мен халықтық күштерінің іс- қимылдарын жалғастыруды қуаттады.

Ирактың үкімет басшысы мен парламент төрағасы Хайдер әл- Абади мен Сәлим әл- Жәбури дүйсенбі күні Нейнава облысының орталығы Мосул қаласын лаңкестердің басқыншылығынан азат ету үдерісіне шолу жасап, ирактықтардың бірігуін ДАИШ-ке қарсы жеңіске жетудің құпиясы деп атады.

Хайдер әл- Абади мен Сәлим әл- Жәбури сондай- ақ ирактық босқындардың адами жағдайы мен Мосулді азат ету барысында оларды негізгі қажеттіліктерімен қамтамасыз ету мәселесін қарастырды. 

Ирак армиясы мен халықтық күштері Мосул қаласын азат ету барысында қазірге дейін осы аймақтағы бірнеше елді мекенді ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат етті.

Ирактан келіп түскен өзге бір мәлімет бойынша, белдеріне жарылғыш белбеуін таңған 5 лаңкестің жексенбі күні кешке Кербела облысының батысындағы Айн тамар қаласының әл- Хосейн аймағында бір үйлену тойына жасаған шабуылынан 18 адам қаза болып, ондаған кісі жараланған.

 

Тегтер