Ислам революциясы жетекшісінің Үлкен қажылық жиынына жолдауы
(last modified Mon, 05 Sep 2016 15:08:38 GMT )
Қыр 05, 2016 21:08 Asia/Almaty

Қажылық маусымы – мұсылмандар үшін халықтың көзінде мақтаныш пен салтанат ұшқындайтын маусым; жүректің нұрланатын маусымы; Жаратушы алдында бас иіп, құлшылық ететін маусым. Қажылық – дүниелік, илаһи және халықтық қасиетті парыз.

بسم اللّه الرّحمن الرّحیم

وَ الحَمدُ لِلّهِ رَبِّ العالَمین وَ صَلَّی اللّهُ عَلی سَیّدِنا مُحَمَّدٍ وَ آلِهِ الطَّیِّبینَ وَ صَحبِهِ المُنتَجَبین وَ مَن تَبِعَهُم بِاِحسانٍ اِلی یَومِ الدّین.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі  мұсылман бауырлар мен қарындастар!

Қажылық маусымы – мұсылмандар үшін халықтың көзінде мақтаныш пен салтанат ұшқындайтын маусым; жүректің нұрланатын маусымы; пендесі Жаратушының алдында бас иіп, құлшылық ететін маусым. Қажылық – дүниелік, илаһи және халықтық қасиетті парыз. Бір жағынан «(Минада) Алла (Т.)-ны ата-бабаларыңды зікір еткендей, тіпті одан да артық зікір етіңдер (2:200) және ) «Санаулы күнде Алланы зікір етіңдер» (2:203) деген бұйрықтар, ал екінші жағынан «Оны халыққа сонда отырықшы немесе көшпелі болғанына қарамай бірдей тағайындадық» деген шақырулар оның шексіз әрі әралуан қырларын айқындай түседі.

Осы теңдессіз парызда уақыт пен мекеннің қауіпсіздігі айқын белгі мен жарқыраған жұлдыздай  адамдардың  жүректеріне тыныштық сыйлап, қажылық рәсімдерін орындаушыны үстемшіл күштер тарапынан әрдайым адамзат баласына төндіретін қауіпті факторларының қоршауынан сыртқа шығарып, белгілі бір мезгілде оған қауіпсіз ләззатты сезіндіреді.

Ислам діні мұсылмандарға сыйлаған ибраһимдік қажылық – ғиззат, руханилық, бірлік пен салтанаттың символы. Ислам үмбетінің салтанаты мен олардың Алланың таусылмас құдіретіне арқа сүйеуін жамандық тілеушілер мен дұшпандардың алдына тартады, олардың халықаралық үстемшілдер мен алпауыттардың адамзат қоғамдарына таңып отырған жемқорлық, бағыныштылық пен езгі батпағынан қандай қашықтықта екенін айқын көрсетеді. Исламдық және таухидтік қажылық – «. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді» (48:29) деген насихаттың символы әрі мүшіріктерден тазарып, мүміндермен достасып, бірігетін жер.

Қажылықты саяхат  деңгейіне дейін түсірген және Иранның мүмін әрі революцияшыл халқымен жауластығы мен кегін қажылықты саясиландыру тақырыбының астына жасырған адамдар – үлкен шайтан АҚШ-тың мүдделеріне қатер төнуінен қалтыраған кіші шайтандар. Биыл Иранның мүмкін әрі намысшыл зияратшыларына Алла үйі мен Бейт ул-Харамға баратын жолды жапқан  саудиялық басшылар – өздерінің билікте қалуын үстемшілдердің талап-тілектерін орындап, сионистік режим мен АҚШ-қа жақтасуда деп білетін және осы жолда ешбір қиянаттан бас тартпайтын қара бет адасушылар.

Жан түршіктіретін Мина апатына биыл бір жыл болып қалды. Онда бірнеше мың адам Құрбан айты күні, ихрам киімін киген күйі ашық аспан астында шөл қысып, азаппен өлді. Содан біраз уақыт бұрын әл-Харам мешітінде де көп адам ғибадат жасап, тәуіп етіп, намаз оқып жатқан күйде қанға бөкті. Саудиялық басшылар екі апатқа да жауапты. Кейбір сарапшылар бұл оқиғаның қасақана жасалғаны туралы да болжам айтты. Құрбан айтта жан-жүрегімен беріліп, илаһи аяттарды қайталаған шалажансар жаралыларды құтқаруда кідірістің жасалып, салғырттықтың танытылғаны да айқын. Саудиялық қаніпезер қылмыскерлер оларды қайтыс болғандармен бірге жабық контейнерлерге қамады. Оларға көмек көрсетіп, емдеу немесе сусаған еріндеріне су тамызудың орнына оларды өлімге қиды. Әртүрлі елдердің бірнеше мың жанұясы өз туысқандарынан айырылып, олардың халықтары қара жамылды. ИИР-нан 500-ге жуық адам қаза тапты. Марқұмдардың жанұяларының жүрегі бұрынғыдай жаралы. Халық әлі қайғылы да ашулы.

Ал саудиялық басшылар кешірім сұрап, өкініш білдіріп, осы қорқынышты апатқа тікелей жауаптыларды сот арқылы қудалаудың орнына асқан арсыздықпен ақиқат іздеуші халықаралық топтың құрылуына да кедргі жасады. Айыпталушы орнында тұрудың орнына айыптаушының орнына тұрып алып, ИИР-мен ежелгі жауластығын, кәпірлік пен үстемшілдікке қарсы көтерілген исламның кез-келген байрағына қарсылығын жеңілтектікпен әшкерелей түсті. Сионистер мен АҚШ-қа қатынасы ислам әлемін ұятқа қалдырған саудиялық саясаткерлер, Құран мен сүннетке ашық түрде қайшы пәтуа шығаратын арам да тойымсыз мүфтилер мен кәсіби ұждан да жалған айту мен өтірік шығаруға кедергі болмайтын ақпарат құралдары өкілдерінің ирандық зияратшылардың биылғы жылғы қажылыққа барудан мақұрым қалуына ирандық басшыларды айыпты деп көрсеткісі келетін жарнамалық айқайы еш нәтиже бермейді.

Тәкфирлік және қылмыстық топтарды құрып, жасақтау арқылы ислам әлемін азамат соғыстары мен жазықсыз жандардың өлтіріліп, жаралануына душар қылған және Йемен, Ирак, Сирия, Ливия мен басқа да елдерді қанға бөктірген іріткі салушы саудиялық басшылар – басқыншы сионистік режимге достық қолын созған, палестиналықтардың азабы мен қиыншылығына көз жұмған, Бахрейнде өзінің зұлымдығы мен қылмыстарын өрістеткен саяси жеңіліс тапқандар. Мина апатын тудырып, қасиетті қалалардың қызметшілері деген атпен Алланың қауіпсіз кеңістігін бұзған, Алла үйінің қонақтарын Құрбан айт күні Минада, одан бұрын әл-Харам мешітінде құрбан еткен дінсіз де арсыз билеушілер бүгінде қажылықтың саясиланбағаны туралы айтып, өзгелерді өзі жасаған немесе себеп болған үлкен күнәларды  жасады деп айыптап отыр. Олар Құран Кәрімде айқын баяндалған нәрсенің толық дәлелі. «Онда қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді. (2:205). Ал қашан оған: «Алладан қорық!»,- делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын. (2:206) делінген.

Мәліметтер бойынша, саудиялық басшылар биыл да ирандық және басқа кейбір ұлттардың зияратшыларына тосқауыл қоюмен қатар, басқа елдердің зияратшыларын бақылау бөлімдерін АҚШ пен сионистік режимнің тыңшылық ұйымдарының көмегімен шектен тыс бақылауға алып, Алланың қауіпсіз үйін барша үшін қауіпті жерге айналдырды. Ислам елдері – мұсылман үкіметтер мен халықтардың барлығы саудиялық басшыларды дұрыс танып, олардың материалдық дүниеге байланған имансыз болмысына нақты көз жеткізуі тиіс және ислам әлемінде жасаған қылмыстары үшін олардың жағаларынан алып, олардың Алланың қонақтарына зұлымдық көрсеткені байланысты қасиетті қалаларды басқару және қажылық рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері жөнінде түбегейлі ойлануы қажет. Осы міндетке салғырттық таныту ислам үмбетінің болашағын бұдан үлкен қиындықтарға ұшыратады.

Мұсылман бауырлар мен қарындастар! Биылғы қажылық рәсімдерінде Аллаға риясыз ғашық ирандық зияратшылардың орны бос болады. Бірақ олар өздерінің жүректерімен әлемнің түкпір-түкпірінен келген қажылармен бірге болып, олардың жағдайы үшін алаңдап, пұтқа табынушылардың қарғыс атқан ұрпағы оларға зиян тигізбеуін сұрап, дұға тілейтін болады. Өздеріңіздің ирандық бауырларыңыз бен қарындастарыңызды өз дұғаларыңыз, ғибадаттарыңыз бен мінәжаттарыңызда атап өтіңіздер. Ислам қоғамдарының қиындықтары жойылып, үстемшілдер, сионистер мен олардың қолшоқпарларының ислам үмбетіне қарсы қолдарының қысқаруын тілеңіздер.

Мен өткен жылғы Мина мен әл-Харам мешітінде және 1366 жылы Меккеде қаза болғандарды еске алып, Алла Тағаладан оларға кешірім, рақым мен дәрежесінің өсуін тілеймін. Хазірет Бақиятулла Азам – имам Заманға (имам Маһдиге) сәлем жолдап, ұлы тұлғадан ислам үмбетінің мерейін асқақтатып, мұсылмандарды жікшілдік пен дұшпандардың зұлымдығынан құтқару үшін орындалатын дұға тілеуін сұраймын.

Алла бізге сәттілік берсін! Аллаға ғана тәуекел етеміз!

Сейіт Әли Хаменеи

12.06.1395 (02.09.2016)