Сауд Арабиясы – ислам әлеміндегі жікшілдіктің басты себепкері
Иран мен Палестина достық қоғамының басшысы: «Іріткі салу әрекеттерінің барлығы Ислам әлемінде Сауд Арабиясы, ваххабилер мен тәкфирлердің араласуымен жасалуда",-деді.
Мұхаммад әл-Бахиси саудиялық үкімет негізінің ислам әлеміне іріткі салу принципіне негізделгенін айтып: «Мұхаммад бен Абдулваххаб пен Мұхаммад бен Сауд коалициясы құрылғаннан бері бұл режимнің міндеті ислам үмбеті арасында қайшылық тудыру, іріткі салу және мұсылмандардың қанын төгу болды. Қажылықты басқару Алланың үйі мен мұсылмандар қанының қадіріне иман келтірген адамдарға тапсырылуы тиіс.
Сауд әулеті билік басына келгеннен бері мұсылмандардың қажылығы ешбір жылы бейберекетсіз, қантөгіссіз өткен емес деп айтуға болады.
Мұсылмандар әл-Ақса мешітін сионистік режимнен азат ету сияқты қасиетті қалаларды Сауд әулетінің қолынан азат ету үшін күш біріктіріп, талпыныс жасауы керек»,-деп қуаттады.