Сауд Арабиясы мен Израиль биылғы қажылық рәсімдерінде қауіпсіздік саласында әріптестік жасауда
(last modified Sun, 11 Sep 2016 13:23:55 GMT )
Қыр 11, 2016 19:23 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы мен Израиль биылғы қажылық рәсімдерінде қауіпсіздік саласында әріптестік жасауда

«France Press» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы Мина апатының қайталануының алдын алу деп аталған мақсатпен биылғы қажылықта өзінің қауіпсіздік шараларын арттырды. Тіпті қажылар бір израильдік компания жасаған әр адамның жеке және медициналық мәліметі жазылған электронды білезікті тағып жүруі тиіс.

Осы мәлімет бойынша, Сауд Арабиясындағы қасиетті орындарға 800 бейнекамера орнатылды.  Израиль радиосы жуырда хабарлағандай, Сауд Арабиясының израильдік «G4S» компаниясымен келісімге қол қойғанынан кейін қажылар Сауд Арабиясының әуежайларына кіргеннен өз елдеріне қайтқанға дейін израильдік электронды білезіктермен бақыланатын болады.